Қостанай облысының екі тұрғыны қымбат металдарды қазған

/
Қостанай облысының екі тұрғыны қымбат металдарды қазған
Қостанай облысының прокуратурасы
Оларға айыппұл салынды.

Қостанай облысы, Жітіқара ауданының прокуратурасы шекара қызметімен бірлесе отырып, Аққарға ауылының маңында қымбат металдарды іздеумен және қазумен айналысқан екі азаматты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың металл қазуға рұқсат қағазы болмаған.

«Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Сот оларды кінәлі деп танып, әрқайсына 55 380 теңге айыппұл салды. Сондай-ақ жалпы құны 5 млн теңге тұратын металл іздегіш екі құрылғы мемлекет пайдасына тәркіленді», - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары