23 адамнан 26 млн теңге алған алаяқ келіншек сотталды

/
23 адамнан 26 млн теңге алған алаяқ келіншек сотталды
istockphoto.com
Оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Екібастұз қаласының тұрғыны тез әрі оңай баюдың жолдарын іздеп, ақша табуды ұйғарған, деп жазады turkystan.kz.

2020 жылдың соңында ол WhatsApp-та «LiveStyler», «Қарлығаш», «Умножайка», «Шанс» және т.б топтарын құрып, ондағы адамдарды пайда табу үшін ақша салуға шақырған.

Топқа қатысушылар оның және жақын оның туыстарының банктік шоттарына ақша аударған.

Алаяқ өз сөзіне сендіру үшін қатысушыларға жаңа қатысушылар есебінен дивиденд түрінде біршама ақша төлеген. Қалғанын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Осылайша, ақшасын көбейтемін деген уәдеге сеніп, жәбірленушілердің бірі LiveStyler тобына қосылған.Ол 2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында алаяқ көрсеткен есепшотқа (оның өзіне, кәмелетке толмаған ұлына және оның күйеуіне тиесілі) 14 млн теңгеге жуық ақша аударған.  Осы соманың 8,5 млн теңгесін алаяқ жәбірленушіге адалдық таныту үшін қайтарып берген. Қалған 5,4 млн теңгені ол пайдакүнемдікпен иемденген.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 23 жәбірленушіге 26 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын, қамқорлығында кәмелетке толмаған баласы бар екенін және ауырлататын мән-жайларының жоқтығын ескере отырып, оған 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

23 жәбірленушінің пайдасына 26 млн теңге материалдық шығын өндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары