АҚШ президентінің кеңесшісі қызметіне ақы алмайды

АҚШ президентінің кеңесшісі қызметіне ақы алмайды

АҚШ президентінің кеңесшісі қызметіне ақы алмайды
ашық дереккөзі
285
Дональд Трамптың қызы Иванка АҚШ президенті әкімшілігіне қызметке орналасты. Ол президенттің кеңесшісі лауазымына ие болды, деп жазады Би-би-си. Бұл қызметтегі адамға жалақы төлеу қарастырылмаған. Иванканың президенттің кеңесшісі болатыны 20 наурыз күні мәлім болған. Ол жолы Ақүйде жеке кабинеті болатыны туралы хабар тараған. Сондай-ақ, Иванканың президент әкімшілігінде ресми лауазымы болмайтыны туралы да ақпарат болған. Америка бұқаралық ақпарат құралдарында Трамптың қызы құпия ақпараттарға қол жеткізе алатыны және оның кеңсесі Ақүйдің батыс бөлігінде болатыны туралы жазылған еді.

Серіктес жаңалықтары