Доллар 511 теңгеге түсті

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 515,31 теңге.

Доллар 511 теңгеге түсті
istockphoto.com
Автор
Админ
245

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 511,18 теңгеге түсті. Осылайша 3,88 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің бүгінгі күнге бекіткен ресми бағамы 515,31 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 514,67 теңгеден, Астананың ақша айырбастау пунктерінде бір доллар 517,94 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 4 ақпанда доллар 1,56 теңгеге, 5 ақпанда 4,14 теңгеге, 6 ақпанда 0,75 теңгеге түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары