199
Елордада өрттен екі көлік жанып, бір адам зардап шекті

Елордалық өрт сөндірушілер ТҚКС-да өртті сөндірді, деп хабарлайды turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Түнде Астанадағы Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, оның 2 боксы ашық жалынмен тұтанды.
Өрт 250 шаршы метр алаңда сөндірілді. Өрттен 1 шағын автобус пен 1 жүк көлігі зақымданды. 1986 жылы туған жалға алушыны күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Құтқарушылар жоғары дәрежелі шақыруды жариялап, күштер мен құралдарды тез арада арттырғанның нәтижесінде жедел штаб көрші бокстарға өрттің таралу қаупін жойды.