Неліктен уақыт жылдамдығы әр кезде әртүрлі сезіледі? – зерттеу

/
Неліктен уақыт жылдамдығы әр кезде әртүрлі сезіледі? – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Әртүрлі жағдайларда уақыттың жылдамдығы басқаша сезілетіні баршаға таныс құбылыс. Мысалы, бейтаныс жерде уақыт баяу өтетіндей көрінеді – шетелде өткен бір апта үйдегі бір аптадан ұзағырақ сезіледі. Сол сияқты, уақыт ауырсыну немесе зерігу кезінде созылып, ал музыка тыңдағанда, шахмат ойнағанда, сурет салғанда немесе билегенде жылдам өтіп кететіндей болады.

Зерттеушілер уақыттың бұлай өзгеруінің себептерін түсіндіруге тырысуда. Олардың пікірінше, бұл құбылыс мидың ақпаратты өңдеу жылдамдығымен байланысты. Неғұрлым көп ақпарат – сезімдер, ойлар, қабылдаулар – өңделсе, уақыт соғұрлым баяу өтетіндей сезіледі. Балалар үшін уақыттың баяу өтуінің себебі – олардың әлемді әлі де жаңа әрі таңсық күйінде қабылдауында.

Сонымен қатар, адамның қоршаған ортамен байланысы күшейген кезде уақыт ұзарады. Сананың өзгерген күйінде біз өзімізді әлемнен бөлек сезінуді доғарып, қоршаған ортамен біртұтас болып кетеміз. Осылайша, уақыттың ағымы да басқаша қабылданады, біз әдеттегі санамыздың шеңберінен шығып, мүлде басқа уақыт өлшеміне енеміз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары