Ақтөбеде газ ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

/
Ақтөбеде газ ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
polisia.kz
Олар газды өздері жұмыс істейтін кәсіпорыннан ұрлаған.

Ақтөбе облысының полициясы өңірдегі кен орнынан «әлеуметтік» газ ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды turkystan.kz.

Фигуранттар газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінде жұмыс істейді.

– Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары