Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
Pixabay
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

6 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Cиноптиктердің болжамына сүйенсек, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер және Алматы қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары