287
Сот С.Ахметов ісі бойынша шығын сомасын қысқартты
Сот С.Ахметов ісі бойынша шығын сомасын қысқартты
№ 2 Қазыбек би аудандық соты Қарағанды әкімінің бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев, қаланың бұрынғы әкімі Мейрам Смағұлов, сондай-ақ, Мұхтар Адамбеков пен Айдос Жакеновқа қатысты талап-арызын қайта қарап шықты.
Сот шығын көлемін 17 миллион 310 мың теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл жолы Қарағанды әкімінің талап-арызын судья Жұмабике Ғалиева қарады. Сот мемлекетке келтірілген материалдық шығынның көлемін азайту туралы шешім қабылдап, өтінішті қанағаттандырды.