Астана қаласы, Алматы ауданы Ж.Жирентаев көшесі бойындағы он төрт қабатты тұрғын үйдің 11 қабатындағы пәтер отқа оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 29-ға жуық адам және 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 11 адам өздігінен далаға шығып үлгерген.
«ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.
Нақтыланған мәліметтер бойынша он бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған от 25 шаршы метр аумақты шарпыған, үй заттары мен жиһаздардың жанып кеткен. Өрт орнында өрт зерттеу сынақ зертханасының және ТЖД анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.