Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңістікте экспортты ұлғайтты

Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңістікте экспортты ұлғайтты

Қазақстан Еуразиялық экономикалық кеңістікте экспортты ұлғайтты
ашық дереккөзі
315
Қаңтар айында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда көлемі өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 60 пайызға артты.
Бұл туралы Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макро-экономика жөніндегі министрі Татьяна Валовая мәлімдеді. "2016 жылы Қазақстанның одақ елдеріне сыртқы сауда көлемі 23,5 пайызға қысқарды. Көрсеткіштердің осылай төмендеуі энерго-ресурс бағаларының түсуіне байланысты болған. Реттеу органының мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық ахуалы жақсара бастаған. Одақ бірлестігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері әлі де көңіл көншітерлік болмағанымен олардың төмендеу қарқыны айтарлықтай баяулаған. Ал бірақ өнеркәсіп пен ауыл-шаруашылық саласы оң нәтиже көрсетіп отыр, - дейді министр.
Татьяна Валовая, ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі:
- Қаңтар айында Қазақстанның еуразиялық экономикалық одақ аумағына экспорттау көлемі өткен жылмен салыстырғанда 59,2%-ға артты. 60 пайызға дейін өсті деуге болады. Ал жалпы одақ бойынша бұл көрсеткіштің өсімі 38,1% құрады. Экономика тұралап қалаған кездерде Қазақстаннан экспортталатын тауарлар, атап айтқанда қара металл мен одан жасалатын өнімдерге сұраныс төмендейді. Өйткені дағдарыс. Сондықтан экспорт көлемі ұлғайса бір жағынан Қазақстанға тиімді, екінші жағынан Одақ елдерінің экономикасы жақсара бастағанын көрсетеді.

Серіктес жаңалықтары