252
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрілер тізімін қысқартуды жоспарлап отыр
Қазақстанда тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілік заттар тізімі өзгеруі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі емделушілерді қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жобада өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін созылмалы ауруларды емдеуге басымдық беріліп, осы критерийлерге сәйкес келмейтін 32 нозологияны тізімнен алып тастау жоспарланған», – делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.
Тізімнен капсулалар, жақпа майлар, көз тамшылары, ұнтақтар, инъекцияға арналған ерітінділер және таблеткалар сияқты ондаған дәрі-дәрмек алынуы мүмкін.
Құжат 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға салынады.