Степногорск әкімдігінің бухгалтері 43 млн теңге жымқырған

Сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды.

Степногорск әкімдігінің бухгалтері 43 млн теңге жымқырған
istockphoto.com
Автор
Админ
189

Степногорск қаласының Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасының бухгалтері 43 млн теңге ұрлаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол үш жыл бойы күйеуінгің компаниясы мен құрбысының шотына ақша аударып отырған.

«Қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бір топ адаммен алдын-ала келісіп, бірнеше мәрте аса ірі мөлшерде ақша жымқырған», - деді Ақмола облысының соты.

Сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды. Ал оған көмектескен компаниясы иесі бес жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары