346
Лифтте пранк жасаған астаналық блогер сотталып кетті
Сот отырысында жас жігіт өз кінәсін мойындамады.

Астанада тұрғын үйлердің біріндегі лифт ішінде ойыншық тапаншамен пранк жасаған ер адам 15 күнге сотталды.
Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта блогерге қатысты іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 29 қаңтарда Г. ойыншық тапаншаны лифттегі адамдарға бағыттап, арты жанжалға ұласқан. Блогер лифтте тұрғандардың реакциясын түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген.
Сот отырысында жас жігіт өз кінәсін мойындамады. Ол ойын-сауық мазмұнындағы бейнеролик түсірдім деп ақталмақ болған.
Жасалған құқық бұзушылық дерегі іс материалдарымен, оның ішінде бейнежазбалармен расталды.
Сот қаулысымен Г. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.