180
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

дүйсенбіде еліміздің бірқатар бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
2025 жылдың 3 ақпанда Қарағанды, Теміртау, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтілуде, - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.