212
Петропавл тұрғыны итті құтқарамын деп, өзі құдыққа түсіп кеткен
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғынды құдықтан арнайы жабдықтың көмегімен шығарып алды

Петропавлда ер адам құдыққа құлап кеткен итті құтқаруға тырысып, өзі тереңге түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол итті достарына көтеріп беріп үлгергенімен, мұздай суға толы құдықтан өзі шыға алмай қалған. Қасында болған достары құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару жасағының қызметкерлері альпинистік жабдықтың көмегімен ер адамды қауіпсіз жерге шығарды. Абырой болғанда, оған медициналық көмек қажет болмады.