Астанада тұрғындар аспандағы ерекше құбылысты байқап қалды

/
Астанада тұрғындар аспандағы ерекше құбылысты байқап қалды
tengrinews.kz
Видео кадрларында аспан екіге бөлінгендей көрінеді: төменгі бөлігі көк, ал жоғарғы жағы сұр түсті

Астана тұрғындары елорда аспанында ерекше құбылысты байқады.

Оқырмандар бұл көріністі tengrinews.kz редакциясының Telegram-ботына жолдаған. Видео кадрларында аспан екіге бөлінгендей көрінеді: төменгі бөлігі көк, ал жоғарғы жағы сұр түсті.

Айта кетейік, видео 30 қаңтарда түсірілген. Сол күні Астанада ауа райы құбылмалы болып, кей уақытта қар жауып, боран соққан. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9–14 м/с-қа жетті. Ауа температурасы –7–9 градус аралығында болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары