Бүгін, 2 ақпанда сағат 16:00-де ауа райының бұзылуына байланысты кей республикалық автожолдарда көліктің барлық түрлері қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі.
Абай облысы:
– "Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Семей қаласы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы);
Шығыс Қазақстан облысы:
– "Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы-Абай облысы шекарасы);
– "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1125-1191 шақырым аралығы (Предгорное ауылы бұрылысы-Шемонаиха қаласы);
– "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ" автожолының 1194 -1212 шақырым аралығы (Шемонаиха қаласы-РФ шекарасы).
3 ақпан сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.