Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде 28 градусқа дейін аяз болады
1-2 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны әсерінен ауа райы бұлтты болады. Жауын-шашын қар, дымқыл қар және жаңбыр түрінде түседі.
Сондай-ақ қар жауып, боран соғады. Күшті жел тұрып, тұман түседі.
1 ақпанда еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында қатты қар жауады. Ал оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Түнде еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында ауа температурасы -0-18 градус аралығынан -15-28 градус аязға дейін көтеріледі. Ал күндіз солтүстік және солтүстік-батыста ауа температурасы -4 градус аяздан +2 градусқа дейін жылынады.
Шығыс пен орталық Қазақстанда күндіз ауа температурасы -0-11 градус шамасында болады.
Батыста минималды температура -8 градустан +2 градусқа дейін өзгереді. Максималды температура 0-10 градус болады.
Оңтүстікте түнде ауа температурасы -2-13 градус аралығында болады. Күндіз -2 градустан +7 градусқа дейін көтеріледі.
Оңтүстік-шығыста түнде температура -5-15 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда бұл көрсеткіш -17-25 градусқа дейін жетуі мүмкін, ал күндіз ауа температурасы -0-7 градус аралығында болады.