Ақмола облысында балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Осы дерекке байланысты Жақсы ауданының прокуратурасы алдын ала тергеу жұмыстарын бастады

Ақмола облысында балабақша бухгалтері 9 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
istockphoto.com
287

Ақмола облысы Жақсы ауданындағы «Болашақ» балабақшасының бухгалтері 9 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдікті балабақшаға арналған тауарлар мен қызметтерге төленуі тиіс ақшаны жеке шотына аударып отырған.

Осы дерекке байланысты Жақсы ауданының прокуратурасы алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.

“Істі толық әрі әділ тергеу мақсатында прокуратура бақылауды күшейтіп, барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр”, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Жемқорлыққа қарсы күрес органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Серіктес жаңалықтары