Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеген

Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
Ашық дереккөз
342

2025 жылғы 1 ақпанда ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала Астана уақытымен 07:05-те Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 270 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында болған.

Жер сілкінісінің координаттары: 41.038° солтүстік ендік, 78.387° шығыс бойлық.

Сейсмологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеген.

Серіктес жаңалықтары