Тұрар Рысқұлов ауданының Полиция бөлімі бастығының орынбасары қылмыстық іс бойынша күдіктіні азаптаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған факт бойынша прокуратура ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар).
Полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
Прокуратура қылмыстық процесте адамның құқықтарын қатаң сақтауға шақырады және азаптаулар жасағаны үшін ең ауыр жаза 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.