305
Ақтауда лицензиясы тоқтатылған кәсіпкер алкоголь сатуды жалғастырған
Маңғыстау облыстық сотының қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынды.

Былтыр қараша айында Ақтау қаласының мамандандырылған соты кәсіпкерге қатысты қозғалған істі әкімшілік құқық бұзушылық болмағаны үшін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Аталған бапта тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауаптылық қарастырылған.
Алайда тексеру барысында 2024 жылдың қыркүйегінде соттың бұл кәсіпкердің лицензиясын бір айға тоқтатқандығы анықталған. Демек, осы мерзім ішінде оның алкоголь өнімін сақтауға және сатуға құқығы болмаған.
Осыған қарамастан кәсіпкер дүкенінде алкоголь сақтауды жалғастырған.
Сол себепті прокурорлар сот қаулысына апелляциялық өтінішхат келтіріп, Маңғыстау облыстық сотының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынды.