Алматыдағы тұрғын үй кіреберісінен жаңа туған сәби табылды

/
Алматыдағы тұрғын үй кіреберісінен жаңа туған сәби табылды

Алматы қаласы Түрксіб ауданында тұрғын үй подъезінен жаңа туған сәби табылды. Тұрғындар жылап жатқан баланың дауысын естіп, полицияға хабар берген, деп хабарлады turkystan.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жерде шырылдап жатқан шақалақты көрген тұрғындар абдырап қалған. Дүние есігін енді ашқан қыз баланы тұрғындар түскі уақытта байқапты. Бөбекті үйдің екінші қабатына тастап кеткен. Жылап жатқан сәбиді тұрғындар дереу жылы жерге кіргізіп, жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. 

«Жаңа туған қызды Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің тұрғындары тауып алды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сәбидің анасының жеке басын және істің мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.

Телеарна сайтында бірер сәт бұрын Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар сәбиді ата-анасы ауруханадан алып кеткенін мәлімдегені туралы ақпарат жарияланды. Олардың қолында сәбидің құжаты бар, делінген сайттағы мәліметте.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары