Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында қар барысының ерекше сәті фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Кадрлардан қар барысы камераға жақындап, ары-бері қозғағаны анық көрінеді.
«Қалай десек те, техника шыдады, ал бізге табиғаттың осы ғажайып жыртқышының сирек кездесетін, ерекше кадрлары бұйырды», - делінген ақпаратта.