332
6 жасар қыздың асқазанынан 1 келіге жуық шаш шықты
Салмағы 1 келіге жуық.

Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6 жастағы қызға күрделі ота жасап, асқазанынан ұйысып қалған бір уыс шаш алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Қазақстан Ұлттық арнасының әлеуметтік желідегі парақшасы жариялады. Салмағы 1 келіге жуық.
Анасының айтуынша, баланың ауырғанына 1 ай болған. Ол асқазан аймағы ауырсынып, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмағының төмендеуі сияқты шағым айтқан.
«Жалпы, мұндай жағдай бала қараусыз қалғанынан болады. Кішкентай балалар түрлі затты аузына салып, ішке зиянды заттар жиналады», - деді облыстық балалар ауруханасының балалар хирургі Мұқағали Темірбеков.
Сондай-ақ, ол ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес берді.