«Заң және Тәртіп» қағидаты маңызды жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді – сауалнама

Бұл жайында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желіде жазды.

«Заң және Тәртіп» қағидаты маңызды жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді – сауалнама
Ашық дереккөзден алынған
361

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты қоғам арасында терең орныққан құндылықтардың иерархиясына арналған әлеуметтік зерттеу жүргізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жайында Ерлан Қарин мәлімдеді.

«Сауалнама нәтижесіне сәйкес «Заң және Тәртіп» қағидаты азаматтарымыз үшін аса маңызды саналатын жалпыұлттық құндылықтар қатарына енді («Әділдік» – 84,1%, «Заң және Тәртіп» – 83,5%, «Еңбек» – 83,4%). Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде «Заң және Тәртіп» қағидатын одан әрі орнықтыру және құқықбұзушылықтың кез келген түріне «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыру қажеттігіне баса назар аударғаны тегін емес. Айта кету керек, заң үстемдігінің қамтамасыз етілуі және оны бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі. Сондықтан әлемнің көптеген елінде тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға деген қоғамдық сұраныстың өзектілігі артып келеді», – деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Серіктес жаңалықтары