Астанада полицейлер 6 адамды өрттен құтқарып қалды

Өрт жатақханадан шыққан.

Астанада полицейлер 6 адамды өрттен құтқарып қалды
istockphoto.com
Автор
Админ
186

Кезекшілікте жүрген тәртіп сақшылары жатақханадан түтін шығып жатқанын байқап, дереу көмекке келген деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері Қуандық Зарапов, Хафиз Мукушев және Дәурен Асқаров шұғыл түрде оқиға орнына жетіп, эвакуация жұмыстарын ұйымдастырды. Сақшылар жоғарғы қабаттарды тексеру барысында алты адамнан тұратын отбасыны көрген. Олар өрт шыққанын білмей, ұйықтап жатқан.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері өрт шыққан бөлмеден газ баллондарын сыртқа алып шыққан.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары