Қарағандыда полиция 30-ға жуық тұрғынды алдаған зергерді ұстады.
Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды. Бұл жұмыстар үшін зергер жәбірленушіге қосымша уақыт қажеттігін айтқан. Сөйтіп, азаматша алтындарын сол жерге қалдырып кеткен. Алайда келісілген уақытта алтын бұйымдардың иесі әшекейлерін алып кетуге барғанда, зергер үлгермегенін айтып, тағы да қосымша уақыт сұраған.
Арада үш ай өткен соң зергердің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі 854 мың теңгені құрады.