195
Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр
Тексеруге тауарды өндіру көлемінің және бағасының динамикасына жүргізілген талдау себеп болды.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Тексеруге тауарды өндіру көлемінің және бағасының динамикасына жүргізілген талдау себеп болды.
«Талдау нәтижесі бойынша агенттіктің өңірлік департаменті 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде орташа бағаны 31%-ға ұлғайта отырып, мұнай өңдеуге монополиялық жоғары бағаны белгілеуде үстем жағдайды теріс пайдалану белгісін анықтады», делінген хабарламада.