74 жастағы павлодарлық әжей мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

Қаулы заңды күшіне енді

74 жастағы павлодарлық әжей мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды
Pixabay
767

Сот Павлодар қаласының тұрғынына көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды өңірлік сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сот сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған азаматша И.-ге қатысты істі қарады  (ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б.).

Сот 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде "Toyota" маркалы көлік құралын басқарғаны анықтаған. Сот отырысында азаматша құқық бұзушылық дерегін мойындады.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, медициналық куәландыру қорытындысы, бейнежазба арқылы расталады.

"ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. ӘКБтК-нің 50-б. 2-б. сәйкес елу сегiз жастан асқан әйелдерге қамаққа алуды қолдануға болмайды. Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары