Өскеменде полицияға жалған ақпарат берген әйел ұсталды

"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен.

Өскеменде полицияға жалған ақпарат берген әйел ұсталды
Polisia.kz
151

Өскеменде полиция бөліміне жарылғыш зат қойдым деп жалған хабарлама берген мас әйел ұсталды.

"102" арнасына облыс орталығындағы полиция бөлімдерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары мамандырылған қызметтермен бірге ғимаратты мұқият тексеріп шықты, алайда жарылғыш немесе басқа да күмәнді заттар табылмады.

Полиция қоңырау шалған адамның жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шыққан. Әйел адам қоңырау шалған кезде полиция бөліміне жақын маңда жүрген және медициналық қорытындыға сәйкес, алкогольдік масаң күйде болған.

Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әйел жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен қатар ұсталған әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді оны 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары