162
Түркістанда дәрігерлер 700 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды
Шақалақ былтыр тамыз айында 26 апталық кезеңде дүниеге келген.
Түркістанда дәрігерлер 700 грамм салмақпен туған сәбиді аман алып қалды.
Шақалақ былтыр тамыз айында 26 апталық кезеңде дүниеге келген. Салмағы – 785 грамм, бойы 32 сантиметр. №1-ші облыстық перинаталды орталық дәрігерлері сәбидің жағдайын «өте ауыр» деп бағалаған.
Сондықтан алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Ағзаларын толық дамыту мақсатында қажетті емін алып шықты.
Екі айдан кейін өздігінен тыныс алып, 4 айдан асқанда 4,5 келі салмақпен перзентханадан шығарылды.