224
Астанадағы LRT қыркүйекте іске қосылады – Астана әкімі
LRT құрылысы қыркүйекте іске қосылады. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті,.
Әкімнің айтуынша, 2024 жылдың желтоқсанында Астанада көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама бекітілген. Автокөлік трафигінің артуы аясында бағдарламада қоғамдық көлікті дамытуға, жолдардың өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, автотұрақтарды жетілдіруге ерекше назар аударылған.
«Қалалық маршруттарға күн сайын 1600-ден астам автобус шығады. Екі жыл ішінде елордадағы қоғамдық көлік паркі 45%-ға жаңартылды. Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы мәреге жақындап қалды. Жазда құрылыс жұмыстары толық аяқталады. Қыркүйек айында алғашқы пойыздар жеткізіліп, содан кейін белсенді тестілік сынақтар басталады. Қалада заманауи, жайлы және экологиялық көрініс қалыптастыру жұмыстары қарқынды жалғасуда», - деді Қасымбек.