144
Президент: Ақпанда «Самұрық-Қазынаның» қызметін арнайы талқылаймыз
Биыл ақпан айында «Самұрық-Қазынаның» мәселесі қаралады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлім етті.
«Самұрық-Қазынаның» алдында тұрған ең маңызды міндеттің бірі – қорды реформалау. Бұл жұмыс ойдағыдай жүргізіліп жатыр деп айту өте қиын. Әрине, кейбір нәтижелер бар. Дегенмен, жұмыс әлі де көп. Қордың қызметін ақпанда арнайы талқылаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл тұрғыда Президент ақпан айындағы талқылау кезінде қордағы реформалар қаралатынын атап өтті.