202
Сарандағы қанды қылмыс: күдікті жайлы жаңа деректер анықталды
Күдікті бұл қылмысқа жол ақысын төлейтін ақшасы болмағандықтан барғанын айтты.
Қарағанды облысының Саран қаласында сатушыны пышақтап өлтірген күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды qazaqstan.tv.
50 жастағы қала тұрғыны бұл қылмысқа жол ақысын төлейтін ақшасы болмағандықтан барғанын айтты.
Тек қана пышақпен қорқытып, ақшаны жымқырамын, деген арам ойына сатушы кедергі келтіріп, соңы өліммен аяқталды. Кісі қолынан қаза тапқан 27 жастағы келіншектің артында қос бірдей бүлдіршіні қалды. Енді күдіктінің қылмысы сотта дәлелденсе 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.