242
Түркістан облысында 11 притон анықталды
Оларды 12 адам ұйымдастырған.
Түркістан облысы Прокуратурасының мәліметінше 2024 жылы 11 секс-притон анықталған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оларды 12 адам ұйымдастырған. 35 адам интимдік қызмет көрсеткен. Олардың 13-і Өзбекстан Республикасының азаматы. Қазір барлық притонның жұмысы тоқтатылған.
«Мысалы 14 желтоқсанда Сайрам ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Өзбекстанның интимдік қызмет көрсеткен 7 азаматы ұсталды. Заңсыз объект жұмысы анықталды», - деді Түркістан облысының Прокуратурасы.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.