182
Жетісуда қарлы боранда жолда қалған 12 адам құтқарылды
Құтқарушылар 12 адамның өмірін аман қалып қалды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданында Үшарал-Достық тас жолы, Теректі учаскесінде 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар ақ түтек боранда жол бойында қалған жолаушыларға көмек көрсетті.
— Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, төтеншеліктер жолда қалғандардың бәрін Достық станциясына арнайы техникамен жеткізді. Азаматтарға медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.