27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Ертең ауа райы қандай болады?
2025 жылғы 27 қаңтарға арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамы жарияланды.
Дүйсенбі күні Скандинавия аймақтарынан келген антициклон Қазақстан аумағы арқылы жылжуын жалғастырады, бұл негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады.
«Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Елдің орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында желдің күшеюі болжанады», – деп хабарлады «Қазгидромет».
Астана: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -16-18°С, күндіз -11-13°С.
Алматы: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз +1+3°С.
Шымкент: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2-4°С, күндіз +6+8°С.