Танымал актердің экс-жұбайы күтпеген мәлімдеме жасады

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Танымал актердің экс-жұбайы күтпеген мәлімдеме жасады
1281

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы Фариза Алмасқызы өзінен кешірім сұраған күйеуімен қайта қосылмайтынын айтты.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Нұрсұлтанның сұхбатын, видеоларын, стористарын жібермеген адам жоқ шығар, бәрін көрдім, Астанаға келді, кешірім сұрады, балаларын көрді. Қайта қосылмаймыз! Нұрсұлтанды кешірдім! Өзім үшін, ішімдегіні жіберу үшін. Бірақ артқа жол жоқ! Қайта бірге бола алмаймыз. Әркім өз жолымен кетті! Қосылыңдар деп артық әңгіме айтпаңыздар! Әркімнің ақылы өзіне! Осы сәуірде ажырасқанымызға бір жыл болады. Қанша уақыт өтті. Негізі үндемей қоя салайын деп едім, барлық жерге шығып кеткеннен кейін шықпасқа амал болмады. Иә, бүкіл халықтың алдында да кешірім сұрады, өзімнен де кешірім сұрады. Мен кешірдім! Бірақ қайта бірге болмаймыз, өткенді айта берудің қажеті жоқ. Осымен бұл тақырып жабылсын. енді сұрамаңыздар. Бәрі бітті! Қайта қозғай бергеннен пайда жоқ", - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары