Қазақстандағы алғашқы интернеті бар пойыз сапарға шықты

Локомотивке орнатылған заманауи спутниктік жабдық маршрут бойы тұрақты және жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді

Қазақстандағы алғашқы интернеті бар пойыз сапарға шықты
ҚТЖ
215

Елордадан «Астана-Алматы» бағыты бойынша жүретін №3/4 пойызы бүгін алғаш рет жолға шықты. Бұл – Қазақстанда жолаушыларға интернетке қол жеткізу мүмкіндігін ұсынған алғашқы жоба.

Интернет қызметі спутниктік технологиялар арқылы жүзеге асырылып, алғашқы рейсте 500 жолаушы жаңа мүмкіндіктерді пайдаланды. Сапар барысында жолаушылар WhatsApp арқылы байланыс жасап, YouTube-тен бейнелер тамашалап, интернеттің танымал сервистерін еркін қолдана алады. Алайда торренттер мен ағынды жүктеу платформаларына қолжетімділік шектелген.

Локомотивке орнатылған заманауи спутниктік жабдық маршрут бойы тұрақты және жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етеді.

Жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Көлік министрлігі, «Jusan Mobile» телекоммуникация компаниясы және Қазақстандағы Eutelsat-OneWeb ресми дистрибьюторының серіктестігімен жүзеге асырылды.

Серіктес жаңалықтары