Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
istockphoto.com
288

Қазгидромет синоптиктері 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

25 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман болады. Түнде 25-28 градус қатты аяз болады.

Алматыда мұздық құбылыстарға байланысты су деңгейінің күрт көтерілуі байқалады.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады.

Атырау облысының батысында тұман түседі.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақытта тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың солтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Серіктес жаңалықтары