194
СҚО-да жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды
Семиполка ауылдық округі әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.
23 қаңтар күні таңертең Шал ақын ауданы Ступинка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам қаза тапты.
Үйде тағы екі адам болуы мүмкін деген ақпарат бар. Семиполка ауылдық округі әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.
«Жұбайы бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-ші сыныпта оқиды», - деп хабарлады ауылдық округ әкімі.