Солтүстік Қазақстанда ер адам құдыққа түсіп кетіп, қаза тапты

/
Солтүстік Қазақстанда ер адам құдыққа түсіп кетіп, қаза тапты
istockphoto.com
Ер адам кешке үйінен су әкелу үшін шығып кеткен

СҚО Есіл ауданы Чириковка ауылында 38 жастағы ер адам кешке үйінен су әкелу үшін шығып кеткен. Ұзақ уақыт бойы оралмағандықтан, анасы іздеп бастаған, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Есік алдында жатқан із оны ауылдағы құдыққа әкелген. Ол баласының суда жатқанын көріп, көршілерін көмекке шақырған.

«19 қаңтар күні Чириковка ауылында су алып жатқан 38 жастағы ауыл тұрғыны құдыққа түсіп кетіп, көз жұмды. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс тіркеді. Тергеу жүріп жатыр», –  делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары