«Фариза, оралшы»: Танымал әзілкеш бұрынғы әйелінен кешірім сұрады

Нұрсұлтан Жақсыген «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында ажырасқанына өкінетінін айтқан соң, әйелі Фаризаға қоңырау шалып, кешірім сұрамақ болды.

«Фариза, оралшы»: Танымал әзілкеш бұрынғы әйелінен кешірім сұрады
YouTube/cкриншот
417

Танымал актер Нұрсұлтан Жақсыген «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында жақында ажырасып кеткен әйелінен кешірім сұрап, қайта татуласуға ниетін білдіру үшін қоңырау шалмақ болды, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Өнер иесі отбасының екі жаққа кеткенін және үйі бала-шағасыз қаңырап қалғанын айтып, жан сырын ақтарды.

«Біз бақытты отбасы болдық. Бір түсініспеушіліктен осылай болып кетеді деп ойламадым. Кейде кінәні өзімнен де бар деп ойлаймын. Күні-түні түсірілімде боламын, үйге кеш келемін. Әйеліме көп көңіл бөле алмадым. Ол үйде ата-анам мен бала-шағаны қарайды. Сол сәттерде жанына медет бола алмағаным да бар шығар. Соның бәрі Фаризаның ішінде жинала берген болар. Бәрі бір күнде атылып шыққанда мен де түсінбей қалдым. Соңы осылай болып кетеді деп ойламаппын», – деді Н. Жақсыген.

Актер қазір ата-анасынан бөлек кетіп қалғанын мәлім етті. 

«Мен қазір бөлек пәтерге көшіп кеттім. Үлкен үйде ата-анам ғана қалды. Арасында барып тұрамын, бірақ ол үйдің әр бұрышына қараған сайын жүрегім ауырады. Әр бөлмеде балаларымның сыңғырлаған күлкісі естіліп, жанымды жаралайды. Бұрынғыдай жұмыстан күтіп алатын, шайымды беретін, шүйіркелесіп әңгіме айтатын жарым да жоқ. Әр бұрыштан әр сәт есіме түсіп, жанымды жегідей жейді. Өте ауыр. Ажырасу – кіші өлім ғой. Фариза қазір Астанада. Екі рет барып сөйлесіп көрдім. Екеуінде де бетімді қайтарды. Балаларыңды көріп тұр, бірақ енді қосылмайық дегенге келтірді», – деді ол.

Нұрсұлтан Жақсыген сұхбат барысында ажырасқанына өкінетінін айтқан соң, әйелі Фаризаға қоңырау шалып, кешірім сұрамақ болды. Алайда Нұрсұлтан Жақсыгеннің қоңырауын бұрынғы әйелі көтерген жоқ.

«Отбасын сақтап қалу – әрбір ер-азаматтың міндеті. Қателескен жерлерім болса, кешірім сұраймын. Халықтың алдында, өз ата-анамның, ол кісінің ата-анасының алдында кешірім сұраймын. Алла қаласа отбасымды сақтап қалуға бар күшімді салуға тырысамын

Фариза, егер мені көріп отырған болсаң, отбасы тек екеумізге керек екенін айтқым келеді. Ер кезегі үшке дейін дейді ғой. Елдің сөзіне мән берме. Балаларымыздың бақыты үшін бірге болуымыз керек. Оралшы!», – деді актер.

Серіктес жаңалықтары