«Құдай бере салған»: қарт әкесін еркелетіп, қасықтан ас ішкізген Мадияр Серікбаев елді сүйсіндірді

Видеода актер отбасымен ас ішіп отырғанын көруге болады

«Құдай бере салған»: қарт әкесін еркелетіп, қасықтан ас ішкізген Мадияр Серікбаев елді сүйсіндірді
фото: әлеуметтік желіден
498

Қарт әкесіне балаларының көзінше еркелетіп, қолынан ас ішкізген "Өнер қырандары" театрының басшысы Мадияр Серікбаев желі қолданушыларының ыстық ықыласын бөленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өнер қырандар" театрының актері Мадияр Серікбаев желідегі парақшасында ас ішіп отырған әкесіне деген жылы лебізін білдіріп, еркелеткен. Видеода актер отбасымен ас ішіп отырғанын көруге болады.

"Құдай бере салған, Алла бер салған, әкетай. Шок болып отырсың ба, Зере?!", - дейді ол видеода.

Желі қолданушылары актердің бұл әрекетіне ризашылығын білдіріп, әкесін балаларының көзінше "еркелеткеніне сүйсінді.

"Мадияр, Алла риза болсын! Көкем бала сияқты, мәз боп отыр", "Өлгеннен кейін жылағанша, тірі кезінде сыйла, бәрі дұрыс!", "Қандай керемет көрініс. Сізді де ұл-қыздарыңыз осылай алақанында ұстасын", - деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары