Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына өтті.
ITF рейтингісінде жасөспірімдер арасында төртінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы матчында әлемнің 45-ракеткасы, америкалық Матис Фарзаммен кездесті. Қарсыластар арасындағы тартысты ойын екі сет бойы жалғасып, Әмірдің пайдасына шешілді – 7:6 (7:3), 7:6 (10:8).
Өткен жылы Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жеткен Әмірдің келесі қарсыласы жақын уақытта белгілі болады.