Қазгидромет алдағы аптада қатты аяз болатынын ескертті

Елімізде жел күшейіп, тұман түседі және көктайғақ болады.

Қазгидромет алдағы аптада қатты аяз болатынын ескертті
istockphoto.com
217

Синоптиктер келесі аптада қалың қар жауып, 20-35 градус аяз болатынын ескертті.

22 қаңтардан бастап түнде температура айтарлықтай төмендейді:

  •  батыста температура 10-20 градус аяз;
  •  солтүстік батыс пен солтүстікте 20-30 градус аяз;
  •  орталық пен шығыста 25-35 градус аяз;
  •  оңтүстікте 12-25 градус аяз.

Атлант мұхитынан келген ылғалға толы циклон Қазақстан аумағындағы ауа райына ықпал етеді. Циклонның ағынды бөліктері қар, бұрқасын әкеледі, еліміздің батысы мен оңтүстігінде, ал 20-21 қаңтарда солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Елімізде жел күшейіп, тұман түседі және көктайғақ болады.

18 қаңтарда Түркістан облысында түнде қатты жауын-шашын түседі.

20 қаңтарда Ұлытау, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарында қалың қар жауады. 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қалың қар түседі.

Серіктес жаңалықтары