Алматы маңында жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпуі Алматыға жақын маңда болды

Алматы маңында жер сілкінісі болды
istockphoto.com
247

Алматыдан 109 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлім етті. 

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі 17:32-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 109 км жерде орналасқан.

«Жер сілкінісінің координаттары: 42.330 С. Е.76.320 ш. б. есептік қарқындылығы (баллмен): ҚР аумағында сезілмейді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары