ІІМ: Заңсыз көші-қон арналары жойылды

Ішкі істер министрлігі елге түрлі қылмыстық және террористік элементтердің енуіне жол бермеу мақсатында заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

ІІМ: Заңсыз көші-қон арналары жойылды
polisia.kz
Автор
Админ
178

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметі осындай бірнеше қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Түркістан және Жамбыл облыстарында қолдан жалған құжаттар жасау және оларды бұрмалау арқылы шетелдік азаматтардың заңсыз көші-қонын ұйымдастыруға қатысы бар үш қылмыстық топтың жолы кесілді.

Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында шетелдіктерді іргелес мемлекеттің аумағына шекараның қиылысқан жерлері арқылы заңсыз тасымалдауға ниет білдірген қазақстандықтарға қатысты қылмыстық істер тергелуде.

Қызылордада ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктердің Қазақстан аумағында заңсыз болуы үшін жалған анықтамалар дайындау бойынша «делдалдық» қызметтер көрсетумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

– Барлық көрсетілген фактілер бойынша 20-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олардың мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін. Заңсыз көші-қон арналарын жою жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Серіктес жаңалықтары